Page 2 of 13
Қорытынды: «Мектеп бітімгершілігі – мектептегі зорлық-зомбылық пен
проблемаларды бейбіт түрде шешу және олардың деңгейін төмендету»
мақсатында қазіргі таңда медиация жүйесін мектепке енгізудің өзектілігі
қаралып жатыр.
Медиацияны білім беру – тәрбиелеу процесіне енгізудің ерекшелігі өте
зор. Барлық ынталы тараптармен ынтымақтаса жұмыс жүргізіп отырған
қазіргі заманғы Кез келген қауымдастық қызметі секілді мектеп жүйесіне
медиацияны енгізу қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі.
Мектеп медиациясының негізгі міндеті – жасөспірімдерді қандай деңгейдегі
болсын.
Бұл әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беру мекемелеріндегі
психологтарға, сынып жетекшілерге, әлеуметтік педагогтарға және мектеп
әкімшілігіне бағытталған. Сондай-ақ оқушылар арасында медиацияны
дамытуң үшін пайдалы ресурс алады.
Әдістемелік нұсқаулықта теориялық материалдарымен қатар кестелер,
диаграммалар, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, кейстер беріледі.
Page 3 of 13
Мектеп медиация қызметі
Мақсаты:
- Білім беру ұйымдарында дау жағдайларын қысқарту.
Міндеттері:
- құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектесу,
- дау жағдайларына қатысушыларды әлеуметтік оңалту.
- білім беру үдерісіне қатысушылар арасында дау-дамайларды және
жанжалдарды шешудің өркениетті нысандарын бөлу (қалпына келтіру
медиациясы, келіссөздер және басқа әдістер);
- дауларды және жанжалды жағдайларды шешуде оқу процесіне
қатысушыларға көмек көрсету;
- жанжалдарға, заңсыз әрекеттерге, заңсыз мінез-құлыққа және кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа қатысты қалпына келтіру
медиациясын оқу мекемесінде ұйымдастыру.
-білім беру саласында психологиялық қолдау мен медициналық және
әлеуметтік көмек көрсету, балалардың қараусыздығы мен кәмелетке
толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан
Республикасының «Медиация туралы» Заңы қолданылып келеді.
Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында
билер институты болған. Азаматтар арасында туындаған дау-дамайларды
билер, шешендер немесе беделі бар жергілікті ақсақалдар әділ шешіп
отырған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына
келтіріліп дауласушыларды бітімге жеткізу болып табылған.
Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Ұлы қазақ
даласының билігінің белгілі дара тұлғалары –Төле би, Қазыбек би, Әйтеке
билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік
жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға
улкен назар аударғаны баршамызға белгілі. Медиация туралы заңымыздың
аты бөлек болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес.
Медиацияның қолданылу
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке
және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және
өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес
және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар
туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын